{metadescription}
0:000:00
Петропавлда  ветеринарлар ит пен мысықты аяусыз өлтіріп жатыр деп айыпталды

Петропавлда ветеринарлар ит пен мысықты аяусыз өлтіріп жатыр деп айыпталды

Петропавлда жануарлардың жанашырлары қаңғыбас ит пен мысықтар аяусыз өлтіріліп жатыр деп дабыл қағуда.  Айтуларынша,  ветеринарлық   мамандар  оларды ұрып өлтіріп, мәйіттерді  қоқысқа тастай салады екен. Қоғам белсенділерінің есебінше мемлекеттің бір итті өлтіруге берілетін сомасы оны аурудан жазып, жаңа иесін табуға жеткілікті көрінеді. Алайда шенділер қаңғыбас ит пен мысықтардан құтылудың бұл жолын тиімсіз деп тапқан.   

Бұл жерге қаңғыбас иттерді  «Фауна» деп аталатын  қоғамдық бірлестік мүшелері әкеп беріпті. Осында  тиісті ветеринарлық көмек алған  төрт аяқтылар енді өз иелерін күтуде. Бірлестік мүшелері оларды суретке түсіріп, жергілікті газеттерге ақпарат береді. Айтуларынша, қаңғыбас жануарларды жоюмен айналысатын мамандар бұларды айуандықпен өлтіретін көрінеді.

Валентина Василенко, «Фауна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Мен қаңғыбас мысықты ветеринарлық бригада құрамындағы әйелдің  қалай өлтіріп жатқанын өз көзіммен көрдім.  Байғұсты әбден таяқпен ұрып, сүйегін түгел сындырды.  Көзін шұқып, қапқа салып әкетті. Тал түсте  болған оқиғаға балалар да куә болды. 

Алайда жануар қорғаушылардың бұл сөзін шенеуніктер мойындамай отыр. Олардың айтуынша, ветеринарлық  бригада  мынадай ампулалармен ит, мысықтарды  атып, оларды алдымен 6 сағатқа  ұйықтатып тастайды. Кейін бір апта бойы иелерін күтеді екен. Ешкім табылмаса, мәңгілікке төрт аяқтының өлексесі арнайы пеште өртеледі. Ал қоғамдық бірлестік ұсынып отырған әдіс бюджетке тиімсіз көрінеді.

Шыңғысбек Сұлтанбеков, Петропавл қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

-Бізге тиімді сол мысық пен итті ұйықтатып тастап,  өртеп,  кремация жасаған арзан келеді,  стерилизация жасаудан. Стерилизация жасау үшін жылына 76 миллион  ақша керек екен. Оның ішінде 5 мың теңге мысыққа, оның салмағы бар, 12 мың теңге итке дейміз.    

Биыл қалалық  бюджеттен қаңғыбас ит,  мысықтарды атуға 8 миллион теңгедей қаржы бөлініпті.  Бұл  ақшаға шамамен екі мыңдай хайуанның көзі жойылмақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.