{metadescription}
0:000:00
Меккеге қажылығын өтеуге барғандар Арафат жазығына бет түзеді

Меккеге қажылығын өтеуге барғандар Арафат жазығына бет түзеді

Қасиетті қажылықтың басты парызы қасиетті күнге тұспа тұс келді. Бүгін Мекке мен Мединеге үлкен қажылығын өтеуге барған мұсылмандар Арафат жазығына бет түзеді. Және бұл күн жұмаға түсті. Арафаттағы бауырларымыз осы бір ерекше сәтте дамылсыз құлшылық қылуда. Қалағандары тіптен Рахма тауына көтерілді.

Ихрам киіп, ақ сөйлеп, бес парызының бірі – үлкен қажылықты өтеуге жеткен мүмін мұсылман бүгін таң алакеуімнен Арафатқа бет түзеді. Өйткені қажылықты  өтеудегі басты міндеттің бірі – осында кеп құлшылық қылу, өзің үшін, ата-ана, бауырларың мен елің үшін дұға жасау. Бұл қасиетті мекенде Жаратушыдан тілеген тілектің барлығы қабыл болады деген ақиқат бар. Және дәл осы Арафатта Адам Ата мен Хауа Анамыз алғаш жүздесіп Аллаға құлшылық қылған делінеді. Оған қоса биыл қасиетті Арафа күні жұмаға сәйкес келді.

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ бөлім басшысы:

-Бұл күн өте ерекше, өйткені Арафа мен жұма сәйкес келуі өте сирек. Пайғамбарымыз өмірінде бір рет қажылық өтеген және осы сәйкестік болған ол кезде де. Бүгін Арафатта тұрған мұсылманның бір күндік құлшылығы 30 күнге теңеледі.

Мұндағы құлшылық сәскеден күн ұясына отырғанша жалғасады. Және осы аралықтағы дұға-тілектің барлығын Алла қабыл етеді. Биыл Арафатта Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазақстандық қажылардың барлығы бас қосты. Олар елдің бірлігі мен дініміздің діңгегі ажырамауы үшін және шекарамыздың қауіпсіз шегенделіп тұруы үшін құлшылық қылды. Мұнда жеткен мұсылман ауқат ішіп, ұйықтап жатпайды. Талмай тек тілек тілейді Тәңірден.

Жәнділдә Мамытханұлы, қажы:

-Аллаға шүкір осындай қасиетті сапарда қасиетті жерге табан тіредім, бұл менің үшінші қажылығым. Биыл мен о дүниелік болған атам үшін қажылық парызын өтеудемін. Және Арафада тілеген тілектеріміз қабыл болса деп тілейміз Алладан.

Ми қайнаған ыстыққа қарамастан,мүмін мұсылмандар аяқтарынан тік тұрып дәреттерін алып,тоқтаусыз құлшылық қылуда. Басы ауырып,балтыры сыздағандарда сапқа тұрған.

-Төрткүл дүниедегі мұсылман қауымы үшін келгенге бір арман,келмегенгемың арман делінетін қасиетті Арафаталқабы бұл. Мина жазығынан шыққан мүмін мұсылмандар қазір лек-легімен әлі де осында ағылуда. Айта кетейік,бұл күні құлышылық қылу үшін бұрынғыдай Рахма тауына көтерілу міндетті емес. Арафаталқабына осындай арнайы шатырлар тігілген. Және биыл қажылыққа келген бес миллионнан астам мұсылман бауырларымыз дәл осы жерде құлшылық қылып Аллаға мадақ айтатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде