Діни басқарма Астанаға қоныс аударды
Ертең әлемдегі барша мұсылманның ең ұлық мерекесі Құрбан айт басталады. Тура 3 күнге созылатын мейрамда жағдайы бар әр мұсылман құрбан шалып, жоқ-жітіктерге көмектесуі керек.
Автор: Гүлнұр Имандосова
03.10.2014
Ұлық мерекеге орай бүгін елордадағы ең үлкен мешітте адам қарасы көп. Жиналған жұрт айттың бірінші күні алдындағы Арафа күні дұға -тілегін жасап құран бағыштап жатса, тазалық мамандары мен ішкі істер органдары сақтық шараларын бастап кеткен. Өйткені ертең «Әзірет сұлтан» мешітіне Елбасы келіп, жамағатты айтулы мерекемен құттықтайды. Айта кетейік, бұған дейін бас кеңсесі Алматы қаласында болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл елордаға қоныс аударды.
Ержан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:
- Биыл Құрбан айтты басқарма Астана халқымен тойлайтын болады. Астана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына құтты мекен болып, елдің игілігі, амандығы жұмыс істеуімізге нәсіп етсін. Бүгінгі күнге жеткізген Аллаһ Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!