Президент қоры үздік жастарды анықтады
Алматыда шығармашыл жастардың халықаралық «ЖасSTAR» фестивалі өтті. Қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Тұңғыш Президент қоры мұрындық болған. Онда көркемсурет, мүсіндеу, эстрада тағы басқа өнер саласына қанат қаққан өрендер жиналды.
Автор: Елгүл Нұғман
06.10.2014
Жастарды қолдауға арналған шара аясында бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Мұнда атақты мәдениет қайраткерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерін бөлісті. Ал, гала-концертте еліміздің атақты артистері өнер көрсетіп, жүзден жүйріктер қордың бағалы сыйлықтарын иеленді. Байқау іздемпаз жастардың ашық сұхбат алаңына айналды.
Біржан Хасанғалиев, әнші:
–Тұңғыш Президент қоры осындай керемет іс-шараны өткізіп жатқанына 7-8 жыл болды. Мұнда әртүрлі өнерде жүрген біздің жастарды біріктіріп жатыр. Менің ойымша бұл өте керемет идея. Қордың басты мақсаты – өнерде жүрген жастарға қолдау жасау.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!