Грозныйда жанкешті қала күнінде өзін жарып жіберді
Шешенстан Грозный қаласында жойқын жарылыс болып, 5 полицейдің өмірін жалмады. Тағы 13 қызметкер ауыр жарақат алған. Оқиға жергілікті тұрғындар қала күнін тойлап жатқанда болды.
Автор: Досжан Маратұлы
06.10.2014
«Шахид белдігін» таққан жанкешті, сол адам көп шоғырланған мерекелік кешке кіріп келе жатқанда тәртіп сақшыларының көзіне түсіп қалыпты. Ісінің әшкереленгенін түсінген лаңкес беліндегі бомбаны дереу іске қосқан. Жойқын жарылыстан сол жерде 5 полицей жан тәсілім етті. Тағы 12 қызметкер ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. «Егер лаңкесті тоқтатпағанда марқұмдардың саны әлдеқайда көп болар еді»-дейді, тәртіп сақшылары. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мұны алдын-ала жоспарланған теракт деп отыр. Және оған қатысы бар адамдардың көзін жоямыз деп уәде етті. Ал, өзін-өзі жарып жіберген лаңкес екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 19 жасар Апти Мударов деген жергілікті тұрғын болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!