{metadescription}
0:000:00
Меккеде мұсылмандар шайтанға тас атты

Меккеде мұсылмандар шайтанға тас атты

Бес парыздың бірі қажылықты өтеуге аттанған мүмін мұсылмандардың сапары тәмамдалып келді. Арафада тұрып күн ұзақ дұға қылған ел, шайтанға тас атып, құрбан шалып тағы бірнеше амалдарын өтеді.

Арафа алқабы мен Рахма тауында күн батқанша тапжылмай дұға қылған мұсылмандар түгел Мұздалифа жазығына аттанады. Мұнда келіп құптан намазын оқып жалаңаш жерге тек бір төсеніш төсеп ұйықтайды ел. Мамық төсек пен құс жастыққа жантаюға басы бүтін болмайды. Өйткені Алла алдында бәрі бірдей.

Міне үлкен қажылықтың келесі амалы, Мұздалифада таң қыла бере таң намазын оқып шыққан жұрт шайтанға тас атуға аттанады. Ниет етілген арнайы 49 тасты осы Мұздалиадан теру міндет және тастар Пайғамбарымыз айтқандай саусақтың ұшындай болуы шарт. Уәжіп амалы бұл. Жұдырықтай тас алып лақтыруға болмайды, өйткені ол арнайы қойылған қабырғаға жетпей өзге мұсылмандарды жарақаттауы мүмкін.

Қанат Нұрмаханұлы, ҚМДБ бөлім меңгерушісі:

-Мен жақыннан атам, мен қаттырақ атам деген адамдарың түсінігі болуы мүмкін ол үлкен қателік. Шайтанға тас атудағы ең үлкен қателік адамдарға зиян келтіру. Тағы бір ескеретін нәрсе үлкен тастармен адамға басына тиіп жарақаттайтындай аяқ киіммен тас атуға болмайды.

Егер атқан тасың өзге мұсылманға тисе садақа беру шарт. Ал амалдың тарихы мынада: Ибраһим ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуға алып бара жатқанда шайтан оны азғырады. “Әкең сені өлімге байламақ” деп жанжалға итермелейді. Сол кезде әкесіне қарсы келуге иманы жібермеген Исмаил үш рет шайтанға тас атқан. Сондықтан мұнда үш бағана қойылған. Қазір мұнда бес қабатта бірден тас атуға болады, болашақта 12 қабатқа биіктетпек. Сол кезде бірден бес миллион қажы уәжіп амалын орындауға мүмкіндік алады.

-Мұздалифадан теріліп алынған арнайы 49 тасты мұсылман баласы бірден бір орынға лақтырмайды. Жаңа айтылғандай тас ату үшін үш мынадай қабырға қойылған. Ең бірінші күні ең соңғы үлкен шайтанға жеті тасты атады мұнда келген мұсылман баласы. Одан кейінгі екі күнде әр қабырғаға жеті жетіден 21 тастан атады. Сонда жалпы саны 49 тас лақтырылады шайтанға қарсы. Және әр лақтырағанда мұсылман баласы Аллаға мадақ айтып күнәсінің кешірілуін, қажылығының қабыл болуын тілейді.

Келесі амал құрбандық шалу. Яки қажылар өз аттарын құрбан шалу үшін қаржы жинап береді. Және тек шайтанға тас атып болғаннан соң ғана құрбан шалуға рұқсат. Мүмін мұсылмандар қажылық парызын өтейтін осы Меккеде әлем бойынша ең көп құрбандық шалынады екен. Былтыр жалпы саны 61 млннан астам қой басы құрбандыққа шалынып, олардың еті 27 елге таратылған.

-Міне осылайша шайтанға тас атып, құрбаны шалынған мүмін мұсылмандар шаш алып ихрамнан шығады. Тек дәл осылай әурет жерін жауып тұратын күнделікті киім киюлері міндет. Бұдан соң үлкен қажылықты тәмамдаудың соңғы парызы Қасиетті Қағбаны айналып тауап жасау. Қазір міне барша Қазақстандық қажылар бірігіп Әл Харам мешітіне бет алдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.