{metadescription}
0:000:00
Америкаға жұмақ өмір іздеп барған алматылық  келіншек  қаңғып қалды

Америкаға жұмақ өмір іздеп барған алматылық келіншек қаңғып қалды

Америкада адасқандар.Мұхиттың арғы жағалауына табыс іздеп кеткен отандасымыз енді елге жете алмай тентіреп жүр. 32 жастағы Алматы тұрғыны Людмила Ивахно «көк қағазға қарық боламын» деп Америка асқан екен. Көзсіз табысқа сенген келіншек өзімен бірге шетелге қартайған анасы мен кішкентай қызын да ерте кетіпті. Алайда, барған жерінде опық жеп қалды. Уәде етілген табыстың орнына зорлық көріп, одан қалды Нью-Йорктағы қаңғыбастар үйінен бір-ақ шыққан. 

- Мен бұл жақ жұмақ деп ойладым...

Людмила бақ пен байлық іздеп, енді бармағын шайнап отыр. 32 жастағы келіншек мол табысқа кенелемін деп Алматыдан бірден Америкаға тартқан. 

Людмила Ивахно:

-Құжаттарды жасаған ақысы және жол ақысы бар барлығына 5 жарым мың доллар бердік. Америкада  туысым бар деп жалған анықтама жасатқанымды мойындаймын. Өйткені, оңбай алдандық. Америкасы құрысын, енді елге қайтқым келеді. 

Келіншек шетелге өзімен бірге 5 жасар қызы мен кәрі шешесін де ерте кетіпті. Қазір енді үшеуі де қаңғыбастың күйін кешуде. Нью-Йорктың кілең кедейлер мен баукеспе-ұрылары шоғырларған Бронкс деген бөлігінде тұрып жатыр. Жығылған үстіне жұдырық. жақында Людмиланы сондағы келімсектердің бірі зорлап тастаған.   

-  Адам қарасы аз жерге апарып сонда зорлады...

Америкада зорлық көріп, қаңғыбастыққа салынған отандасымызды елде қалған ет жақын туыстары кері қайтара алмай зар еңіреп отыр. Өйткені, Людмиланың өзі де, шешесі мен қызы да жат жерге жалған құжаттармен кеткен.

Татьяна Шульга, туысы:

-Не ұйқы жоқ, не тамақ батпайды. Бармаған жерім қалмады. Барлық мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырдым. Туыстарымды қайтаруға көмектесіңіздерші. Тіпті, Обаманың өзіне көмек сұрап хат жаздым...

Ал бүтін бір отбасыны шетелге босқын етіп жіберген «Мегаторонто» деген мекеме екен. Ұшан-теңіз мол табысты уәде еткен де осы мекеме. Маңдайшасына Канада, өзге де алыс-жақын шетелдерге оңай жөнелтеміз деген тақтайша ілінген. Алайда, бұл жерден қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес.

-Ивахнолардың отбасын шетелге жөнелткен мекемеде күзетшіден басқа тірі жан болмай шықты. Дүйсенбі күнін өз-өздеріне демалыс жарияласа керек. Ал жалған құжаттармен АҚШ-та қалып қойған Людмила өзін зорлаған келімсектен тағы бір қыз босанған. Сол себепті, енді үш емес, төрт бірдей отандасымыз туған жерге жете алмай алыс Америкада тентіреп жүр.Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Людмилаға қатысты барлық жайтты анықтаймыз деп сендірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде