Үйден шықпай ұялы телефонмен төлем жасап анықтама алуға болады
Бүгін Астанада бюджеттің жарты миллион долларын шығындаған даулы форум ақыры басталды. 2 күнге созылатын шараға өткен аптада ғана сенаторлар қарсы болған еді. Ел қазынасынан 500 мың доллар жұмсалған шара «Электронды үкімет» жаһандық форумы деп аталады.
Автор: Гүлнұр Имандосова
07.10.2014
Форумды ұйымдастырушы Инвестиция және даму министрлігі инновациялық технологияларын шетелдіктерге үлкен мақтанышпен көрсетті. Мысалы, қарапайым жұрт электронды үкімет арқылы мемлекеттік сатып алуды қадағалауға, депутаттардың қандай қаржыға, қанша тағам түріне тапсырыс бергендігін де бақылай алады. Портал арқылы мыңға жуық қызмет түрін де пайдалануға мүмкіндік бар.Енді ұялы телефонмен балабақша кезегіне тұруға, коммуналдық төлем жасауға ,салық, айыппұл төлеуге болады. Әрі бұл жалпақ жұрттың уақытын ғана емес, тіпті тонна –тонна ақ қағазды да үнемдейтін болып шықты. Өйткені, электрондық құжат айналымы жүйесі қызмет еткен 9 жыл ішінде шенеуніктер 60 мың тонна қағазды үнемдедік деп отыр.
Сәкен Сәрсенов,Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы:
-Жылына біз 40 миллион электрондық үкімет арқылы электрондық қызмет көрсетеміз. Ол дегеніміз жылына біздің 17 миллион азамат кем дегенде 2 қызмет түрін алады деген сөз. Біздің мақсатымыз - ол басқа оңай қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей үйінен алса деген мақсат қойып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!