Риддерде оқушылар менингиттен өлмеген деген қорытынды шығарылды
Риддердегі оқушылар менингиттен емес, иммунитеті әлсірегеннен қайтыс болған. Аяқасты бақилық болған екі баланың сыныптастары мен тамыр-таныстарын түгел тексеруден өткізген дәрігерлер осылай деп отыр. Бас аяғы жүзден астам жасөспірімді қарап шыққан ақ халаттылар енді екі оқушының өлімін бір-бірімен байланыстырудың қажеті жоқ деп басу айтуда.
Автор: Әсем Қайратбек
07.10.2014
Бұл баласынан айырылып зар илеп отырғанКозловтар отбасы. Сәбилерінің дене қызуы аяқасты көтерілген бірден ауруханаға жеткізіпті. Алайда, айналдырған бірер сағаттың ішінде кішкентай Тимофей жансақтау бөлімінде жүріп кеткен.
Любовь Козлова, Риддер қаласының тұрғыны:
-Дәрігер шықты да, үйіңізге қайта беріңіз деді. Баламның жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Мен жансақтау бөлімінің есігінің алдында тұр бердім. Қалайша кетем, ол жерде менің балам өліп бара жатты ғой?
Риддердегі инфекциялық ауруханада дәл осындай жағдайда мектеп оқушысы 13 жасар Максим де көз жұмды. Екеуіне де жедел дамитын менингококцемия деген диагноз қойылған. Үшінші оқиға тағы да мектеп жасындағы балаға қатысты болып, абырой болғанда оны аман алып қалуға ақ халаттылардың қауқары жетіпті. Дәрігерлер енді алаңдайтындай себеп жоқтығын айтып, қала тұрғындарының құлағына құйып жатыр.
Гүлнар Кітаппаева, Риддер қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы:
-Осы екі оқиғадан кейін біз эпидемияға қарсы барлық шараларды қолға алдық. Сол ауру балалармен қарым- қатынаста болған екі жүзден астам адамды тексеріп, сараптама жасадық. Барлығында да минингит ауруының белгісі жоқ екеніне көз жеткіздік.
Менингиттің эпидемилық сипат алуы қалада ресми түрде тіркелмеген екен. Жергілікті дәрігерлер балалардың екеуі де басқа нәрседен, иммунитеті әлсірегеннен қайтыс болған дегенді айтады. Соған қарағанда аурудың нақты себебін жасырып отырған сияқты. Ал көңілі күпті болып қалған ата-аналар болса, сәбилерін балабақша мен мектепке жіберуге жүрексініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!