{metadescription}
0:000:00
СҚО-да мұғалімдер директорға қарсы шықты

СҚО-да мұғалімдер директорға қарсы шықты

Басшы мен қосшылары арасындағы бас араздық кесірінен бала тәрбиесі жайына қалған. Солтүстік Қазақстан облысында кемтар жетім балаларды оқытатын коррекциялық мектеп ұжымы екіге жарылып, өзара кім мықтыны анықтай алмай жүр. Басшыға өкпелі тараптың айтуынша, директор өзіне жақпаған жандарды жұмыстан қуып, орнына тамыр-таныстарын алады екен. Интернатта директордың да жақтастары жетіп артылады.

-Қаладан бүкіл таныстары достары келеді. Олар келіп осында жұмыс істейді бәрі....

Ашынған мына топ кезінде жетім балаларға арналған коррекциялық мектеп-интернатта талай жыл қызмет еткен. Айтуларынша, үш жыл бұрын директор боп тағайындалған Айгүл Мұстафина жұмыс істеуге мүмкіндік бермепті.  

Кәрібай Байғабылов, интернаттың бұрынғы тәрбиешісі:

-Қандай жақсы коллектив, екіге бөліндік. Енді халыққа айтады дейді:, «егер де сендер директорды қолдамасаңдар біз мектепті жабамыз» деп.  Департамент солай айтқан.  Бұл мемлекеттің меншігі  ғой, ешкім сатып алған жоқ қой. 

Айналдырған үш жылда директор осылайша 40 адамды қызметтен қуды дейді наразы топ. Бұл ұжымның тең жартысы. Ал 40 шақырым жердегі облыс орталығынан қатынайтын басшыны жұмыс орнынан табу қиямет.

Айни Байғабылова, математика пәнінің мұғалімі:

-Мектептің арғы жағынан есік ашып, сол жерден кіреді, сол жерден шығады. Өзіне керек адамдарды кабинетіне шақырып алып сөйлеседі. Өзі ешқайда екінші үшінші қабаттардан көрінбейді. Линейка болады,  ол болмайды. Завучтар жүргізеді. Аспаздар  мынадай подносты алады да, тамақты кабинетіне жеткізіп береді.

Директор тілшілермен де тілдескісі келмеді. Дегенмен сөзін сөйлейтіндер де жетерлік екен. Жұмыстан қуылғандарды, олар нағыз жалақорларға теңеп отыр. Тіпті бәрін тайға таңба басқандай етіп, дәптерге тізіпті.   

Марина Данилова, интернат тәртіптік кеңесінің төрайымы:

-Байғабылов тәрбиеші болып істегенде баланы ұрып-соққан. Ал Брацун деген мұғалім оқушының бетін тырнап тастаған. Міне, дәрігерлер жазып берген қағаздар, өздерінің түсініктемелері, бәрі бар.

Ақыл-есі кем 200-ге жуық жетімге шақталған бұл мектепте қазір 38 бала ғана тәрбиеленеді. Мұнда балалардың жыл сайын азаюына байланысты қысқартулар жиі болып тұрады екен. Мұны түсіністікпен қабылдау керек дейді облыстық білім департаментінің мамандары.

-Соңғы он жылдан бері бұл мектеп-интернаттың басынан дау арылмай келеді. 2006 жылы сол кездегі мекеме басшысы жетімдердің шотында жатқан жәрдемақыны жегені үшін сотталған еді. Ал тағы бір тәрбиеші «педофил» деп айыпталғанымен, онысы сотта дәлелденбеді. Ұжым мүшелері әлі күнге дейін арыз-шағымдарды боратады екен. Тек былтыр интернатта түрлі органдар тарапынан 28 тексеру болыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.