Қостанайда студенттер сабақ үстінде уланып қала жаздады
Қостанайда колледж студенттері сабақ үстінде жаппай уланып қала жаздады. Мұнда ойда-жоқта электр қалқанынан от ұшқындап, аудиториялардың ішін түгел түтін басқан. Салдарынан 500-ге жуық адам сыртқа шығарылды.
Автор: Аруна Ортай
07.10.2014
Ұстаздар да, шәкірттер де өткір иістен мұрнын тұмшалап, далаға қарай атқып шыққан. Түтін бірінші қабаттағы электр қалқанынан тараған екен. Абырой болғанда, тұтанған от дер кезінде сөндірілді. Ал олай етпеген жағдайда бүкіл колледждің өртеніп кетуі мүмкін еді. Күйіктің ащы иісі жойылғанша колледж жұмысы тоқтатылды. Студенттер сабақтан жаппай босатылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!