Алматыда үй иелері ұйықтап жатқанда өрт шықты
Алматыда тұрғын үй отқа оранып, бір адам көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтердің небәрі 5 шаршы метрі өртенгенімен, салдары осындай ауыр болып отыр.
Автор: Олжас Байжан
07.10.2014
Жалынның қылаң бергенін марқұмның көршілері байқап өрт сөндірушілерді шақыртқан екен. Оқиға орнына тез арада бірден 5 арнайы көлік келгенімен пәтер ішіне кіру қиынға соқты. Темір есікті бұзған соң олар ес-түссіз жатқан үш адамды байқап тысқа алып шыққан. Алайда дәрігерлер бірінің жанын сақтап қала алмады. Анықталғандай қызыл жалын заттар жиналған кішігірім бөлмеде тұтаныпты. Оның ішінде қажетсіз матрастар мен көрпелер жиналып тұрғандықтан, қою түтін пәтерге таралған. Осы сәтте зардап шеккендер ұйықтап жатқандықтан, иіске тұншығып қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!