Астанаға күтпеген жерден Кучма келді
Астанаға күтпеген жерден Украинаның экс-президенті Леонид Кучма келді. Бүгін әріптесін Ақордада Елбасы қабылдады.
Автор: Ербол Сейілхан
07.10.2014
Мейманға үлкен құрмет көрсеткен Назарбаев, әдеттегі төрдегі орынға емес, Кучмаға қарама-қарсы жайғасқан. Тараптар Украинаның Шығысындағы жағдайы талқылап, өзара пікір алмасты. Украинаның екінші Президенті қазір осы қантөгісті тоқтатату жөніндегі келісім тобын басқаратынын айта кетейік. Сондай-ақ, Елбасы соғыс жүріп жатқан Донецк облысына гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Леонид Кучма мен Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-украин қарым-қатынасына да жоғары баға берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!