{metadescription}
0:000:00
Қанішер лезби қыз тағы бір қылмыс жасағанын мойындады

Қанішер лезби қыз тағы бір қылмыс жасағанын мойындады

Сыбайластарымен бірге лесби ғашығын айуандықпен өлтіріп кейін денесін бөлшектеп тастаған Александра Ли бұған дейін де қолын қанға малыпты. Жазасын өтеп жатқан қанішерге қатысты жаңа қылмыстың беті бүгін Астанада өткен апелляциялық сотта ашылды.

 Тағы бір қанды қылмысқа барғаныңызды мойындайсыз ба?

 -Иә

- Марқұм кім еді сізге?

- Тек жай танысым болатын.

Қандықол-лесбидің жай танысым деп тұрғаны 28 жастағы Бибігүл Момбекова. 2 баласы бар келіншек былтыр із-түзсіз жоғалып бөлшектелген мәйіті тек 8 айдан кейін табылған болатын. Марқұмның жақындары бірден осы Александра Лиден күдіктенген. Қаскөй қылмысын енді мойындап отыр. Ал бірге тұрған ғашығы – Кристина Чернышеваның өліміне қатысты алдыңғы жауаптарынан айнып қалыпты. Айтуынша, 18 жасар ғашығын айуандықпен өлтіруге үгіттеген, әрі көмектескен сыбайластары Диана Нұржанова мен Мария Гурееваны кінәлауда. Дегенмен, өзін ақтап алғысы келген бұл лесби әйелдің сөзіне Астана соты илана қойған жоқ. Айыпты деп танылғандарға қатысты 15 жыл жазаны еш өзгеріссіз қалдырды. Оның үстіне, жаңадан мойындаған қылмысы үшін жазасына тағы бірнеше жыл қосылуы мүмкін. Оған қатысты сот енді бөлек өтпек.  «Каролина Кан» деген лақап атпен танымал 30 жастағы Александра марқұм Кристина Чернышевамен некеге тұрып, Қарағандыда тойларын дүркіретіп өткізген еді. Бір жыл өтпей жатып араларында жанжал шығып «Каролина» өзінен 10 жас кіші «сүйіктісін» қатыгездікпен өлтірген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.