{metadescription}
0:000:00
Елімізде қыздар арасында кеуде ісігі  көбейген

Елімізде қыздар арасында кеуде ісігі көбейген

Сүт безінің қатерлі ісігімен ауырған әйелдердің саны артып келеді. Қазақстанда жыл сайын осы дерттің асқынған түріне шалдыққан 4 мың науқас тіркеледі екен. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта бұл ауру жас қыздар арасында да жиілеген.

Онкологиялық аурулардың ішінде кеуде рагы қазір алдыңғы қатарда тұр. Елімізде осы дерттен бір жылда бір жарым мың әйел көз жұмады екен. Диагнозы анықталған науқастарға ем-дом тегін жүргізіледі. Бұған дейін рак жасушасы табылған кеудені кесіп тастаған болса, енді мүшені сақтап қалу жағы да қолға алынған. Дер кезінде тексеруден өтпеген әйелдер «қаралуға жұмыстан қол тимеді» деген сылтауды алға тартады екен. Аурудың алғашқы сатысында емдеу мүмкіндігі өте жоғары дейді дәрігерлер. Қазір кез-келген емдеу мекемелерінде скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі.

Дилара Қайдарова, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері :

–Әйелдер жылына бір рет маммологтің тексеруінен өтуі тиіс. Бұрындары кеуде рагы елу жастан асқандарда кездессе, қазір жастардың арасында жиілеп барады. 25 жастан асқан әйелдер ультрадыбыстық зерттеу жасатуы керек. Ал қырықтан асқандар міндетті түрде маммография жасатқаны жөн. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде