{metadescription}
0:000:00
«Ислам мемлекеті» күрдттерді қырып жатыр

«Ислам мемлекеті» күрдттерді қырып жатыр

«Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары Сирияның солтүстігінде кескілескен ұрыс жүргізіп жатыр. Лаңкестер кешелі бері негізінен этникалық күрдтер тұратын Кобани қаласын қоршауға алып, шабуылдауда. 

Шабуыл жасаушылар қазірдің өзінде қаланың шығыс бөлігіндегі аудандарды басып алып өз туларын екі жерде желбіретіп қойған. Олар автоматтардан өзге минаатқыш пен артиллерияны қолдануда. Кескілескен ұрыс салдарынан қазіргі уақытқа дейін 412 адамның көз жұмған. Қала қоршауға алынған сәттен бастап Кобаниден 200 мың бейбіт тұрғын көрші Түркия жеріне қоныс аударуға мәжбүр. Лаңкестерге әзірге күрд жасақтары қарсылық білдіріп жатыр. Ал АҚШ-тың әуе шабуылдары нәтиже бермеген. «Ислам мемлекеті» ұйымының Кобаниге көз тігуі бекер емес. Қаланы өздеріне қаратса, Дамаск пен Раака арасындағы жол және жалпы Түркиямен шекаралас аудандар түгел содырлардың бақылауына өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде