{metadescription}
0:000:00
Көкшетау іргесіндегі бүтін ауыл жарықсыз қалды

Көкшетау іргесіндегі бүтін ауыл жарықсыз қалды

Көкшетаудың жанындағы Нұрлыкөш ауылы бірнеше күннен бері майшаммен отыр. «Астана МС» деген компания телефон сымын тарту үшін жердің астан-кестеңін шығарып, электр желілерін үзіп кеткен. Ал оған тапсырыс бергендер «мекеме бізге ескертпестен жұмысын бастап кетіпті» деп өздеріне шаң жуытар емес. Ал зардабын тұрғындар тартып отыр.                                                              ...

bsp;               

Үш тәулік бойы қараңғыда отырған жұрттың шыдамы шегіне жетіп, ақыры көшеге шықты. Бұған дейін электр желілері компаниясы мен әкімдікке хабарласып жауап күткен. Жарықтың аяқ астынан не үшін өшіп қалғанын ешкім түсіне алар емес. Қазір әр үйдің терезесінен әлсіз майшам оты ғана жылтырайды.

Гүлзира Рамазан, Нұрлыкөш ауылының тұрғыны:

- Халықтың тағдырымен неге ойнайды?Қыстай жарықсыз отырамыз ба? Төлемесеңіз қиып тастайды.Мысалы, кешіксең , 1 сағатқа да қарамайды. Келеді, қияды. Сосын 2,5 мың теңге өсімақы төлетеді. 

280 отбасы бар Нұрлыкөште көше шамдары да самаладай жарқырап тұратын. Ал енді балалар сабағын майшаммен оқып отыр. Тегіс бір ауылды жарықсыз қалдырған кімдер екені бүгін ғана анықталды. Сөйтсе, телефон желісін тартумен айналысатын компания оралмандарға 100 нөмірді тегін орнатып бермек болып, қазу жұмыс бастаған екен.

Базарбай Әбуев, Красный Яр ауылдық аймағының әкімі:

-«Транстелекомның» мердігер компаниясы  телефон тартуға     мамырда  келуі керек еді. Созып созып келіп сол асығыс ешкімнен рұқсат алмай екі жерден кабельді үзіп кеткен.

Құрылыстың жедел түрде басталып кеткенінен тапсырыс беруші компания да хабарсыз екен.

Асан Шәйкенов, «Транстелеком»компаниясы Көкшетау филиалы директорының орынбасары:

-Иә, олармен келісім бар. Бірақ, неге әй-шәйға қарамай жұмысқа кірісіп кеткенін біз де түсінбедік. Біздің бір маман олармен бірге болуы керек еді. Ал олар бізге ескерткен жоқ. 

Телефон нөмірі тегін орнатылады дегенді естіген Нұрлыкөш жұрты сабасына түскендей. Ал жомарттық танытпақ болған компания жалдаған мердігер шаш етектен шығынға батайын деп тұр.

-Өйткені жерді қазып кабельдерді жалғауға қажетті құрылғы Көкшетауда жоқ. Оны Астанадан әкелу керек. Оның үстіне мердігер компания көп мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір жергілікті электр қуатын таратушы мекеме тоқ сымдары тартылған жерді рұқсатсыз қазған фирманың келтірген шығынын есептеп жатыр. Ал Нұрлыкөшке қашан жарық берілетіні белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде