{metadescription}
0:000:00
Ақсай тұрғыны хиджаб киген қызын оқытқысы келмеген  мектепті сотқа берді

Ақсай тұрғыны хиджаб киген қызын оқытқысы келмеген мектепті сотқа берді

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 6 жасар қыз мектепке бара алмай жүр. Мұғалімдер оның сабаққа хиджаб киіп келуіне тыйым салған. Ал ата-анасы бүлдіршіннің басынан орамалды шешкілері жоқ.

- Мектепке барғың келе ме?

-  Иә, оқығым келеді.

Кішкентай Белқыз қазір құрдастарымен мектеп партасында емес, үйде отыр. Оның әкесі сабаққа хиджаб киіп баруын талап еткен. Ал, мектеп ұжымы, Білім министрлігінің қаулысы бойынша, оқушылардың бірыңғай формамен жүруі тиіс екенін алға тартады. Мұсылманның құқығына қол сұқты деген ата-ана сотқа да шағымданған. Мәселеге енді соңғы нүктені сол сот қоюы керек. Дінім берік деген әке болса, мұғалімдердің ескертпесін балаға жасалған қысым деп есептейді екен.

Азамат Кенжеғалиев, Белқыздың әкесі:

Баланың өзі жаулықсыз жүргісі келмейді. Оған қазір шешіп таста деп алып, 4-5 жылдан кейін қайтадан ки десем, психологиялық соққы жасаған болам ғой. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде