{metadescription}
0:000:00
Өміраевтың ісі қайта тергелмейтін болды

Өміраевтың ісі қайта тергелмейтін болды

Өміраевтың өтініші ескерусіз қалды! Бүгін Астана соты бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрінің ісін қайта тергеуге жіберуден бас тартты. 

Экс-шенеуніктің адвокаты судьядан қылмыстық істі қайта тергеп және алматылық кәсіпкер мен оның сыбайласының да жазаға тартылуын сұраған  еді. Олардың бірі - пара беруші, екіншісі арада ақша тасыған  делдал. Бұл екеу қылмысты ашуға белсене көмектескені үшін жауапкершіліктен босатылған болатын. Алайда судья том-том істі қайта тергеудің қажеті жоқ деген тоқтамға келді. Ал, бүгінгі процессте Өміраев соңғы рет сөз сөйлеп, оған кесілетін жазаның мерзімі айтылуы тиіс болған. Бірақ, мемлекеттік айыптаушының дайындалмай келуіне байланысты отырыс ертеңге қалдырылды. Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары «аусыл дертіне қарсы егілетін дәрілерді сатып алуға қатысты өтетін мемлекеттік тендерді ұтып беремін» деп алматылық кәсіпкерден алдымен 7 млн.теңге, кейін 100 мың доллар пара алған. Бірақ, Өміраевтың өзі: «қыруар қаржыны әкемнің жылдық асын өткізуге және банктегі несиемді жабу үшін  қарызға алдым» деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.