Николя Саркози Қазақстаннан ақша алды деп айыпталуда
Париж бен Астана арасындағы 4 жыл бұрынғы келісім халықаралық жанжалға ұласқалы тұр. Дауға себепкер кезекті былығы ашылған Францияның экс-президенті Николя Саркози. Бұл жолы оған Қазақстанға Еурокоптер тікұшақтарын сату кезінде ауызбастырық ретінде мол ақша алған деген айып тағылуда. Бұл туралы Францияның белді басылымдарының бірі «Le Mond» көлемді мақала жариялаған.
Автор: Ербол Сейілхан
08.10.2014
Дау тудырған мына Eurocopter . 2010 жылы дәл осындай 45 тікұшақты еліміз Франциядан сатып алуға уағдаласады. Кейін Астанада тікұшақтың осы түрін құрастыратын зауыт та салынған-ды. Бұл үшін Астана мен Париж арасында 2 миллиард еуроға келісім шарт жасалыпты. Енді арада төрт жыл өткенде, осы істің басы-қасында болған сол кездегі Президент Николя Саркози келісімде көрсетілген қаржының, яғни 300 мың еуроны қалтаға басқан деп күдікке ілініп отыр. Тергеу материалдарына қарағанда, ақша Саркозидің кеңесшісінің есепшотына түскен. Бір қызығы бұл қаржы 2012 жылы Саркози қатысатын президент сайлауына бір апта қалғанда аударылыпты. Сондай-ақ, Елисей сарайының экс-басшысы сайлауды бағдарламасына деп Ливияның қаза тапқан көсемі Муаммар Каддафиден ақша алған көрінеді. Жалпы, Саркозиге қатысты қызмет бабын асыра пайдаланды деген бап бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Айыбы дәлелденсе, кемі 5 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары