{metadescription}
0:000:00
Алматыда жүргізушілер  бензинге таласып жатыр

Алматыда жүргізушілер бензинге таласып жатыр

Елде жанармай тапшылығы тағы басталды. Әсіресе, көлігі көп Алматыда осымен екінші тәулік АИ-92-ні қойып, 80-нің де өзі жоқ. Ал бар жерлерде ұзын сонар кезек пен әдеттегідей талондық жүйе орнаған. Қазір  монополияға қарсы комитеті өкілдері қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Себебі бұл жолғы жоқшылық әдейі, қолдан жасалып отыруы мүмкін деген күдік бар. Сондай-ақ, Үкімет те тапшылықты азайту үшін Ресейден өзге елдермен де арада бензин тасымалдамақ.

Бұл соңғы екі тәуліктен бері Алматыда қайта орын алған көрініс. Оған түркі – елде тағы бензин тапшы. Салдарынан әдетегідей қалада құярға жанармай іздеп, бекет-бекетке сабылған көліктілер көп. 

- Бағасы қымбат, оның өзі жоқ. Тек қана талонмен.

- Үкімет қайда қарап отыр? Түсінбеймін.

Әсіресе, бензиннің ең өтімдісі – АИ-92 маркасы жоқ. Тіпті кей бекеттерде 80-нің өзі де сатылым тізімінен алынған.

- Түске дейін болған

- Кешеден бері жоқ 

Десе де жанармай бекеттерінің жұмысын бақылаушы шенділердің айтуынша, кей бекеттер жоқшылықты қолдан жасап отыр. Сондықтан қазір Монополияға қарсы инспекция өкілдері қызметтік тексеруді бастаған.

Асыл Әлімжанов,  Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша антимонополия инспекциясы мен Астана қаласының инспекциясы «ҚазмұнайГаз» компаниясына тексеру жүргізіп жатыр. Жанармайдың станцияларында шектеу қойғанына байланысты.

Жауаптылар егер ережені бұзып, шектеуді әдейі қойған бекеттер  қызметі анықталса, барлығын да әкімшілік жауапқа тартуды көздеп отыр. Айта кетсек, биылғы бензин жыры алғаш шілде айында басталған еді. Сөйтіп, тамыз айында ең өтімді АИ-92-нің бағасы 115-тен 128 теңгеге көтеріліп шыға келді. Десе де жоқшылық мұнымен де бітпеген екен.

-Энергетика министрі Владимир Школьниктің сөзіне қарағанда, жанармай тапшылығына ішкі сұраныстың артуы бірден бір себеп көрінеді. Яғни, еліміз жылына 2,8 миллион тонна бензин тұтынады екен. Ал біздегі мұнай өңдеуші зауыттар соның үштен екісін ғана қамтуға шамалары жетеді. Сондықтан енді Үкімет жетпеген сұйық отынды Ресейден бөлек, Беларусь, Әзірбайжан және Қытайдан алуды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде