{metadescription}
0:000:00
Петропавл тұрғыны өртті сөндіруге арналған  жаңа қондырғы ойлап тапты

Петропавл тұрғыны өртті сөндіруге арналған жаңа қондырғы ойлап тапты

Петропавлдық Қасен Қосылбаев өртті сөндіруге арналған  жаңа қондырғы ойлап тапты. Бұл жаңалығы әлі патенттеліп үлгерсеме де, мамандар оны қолданып көріпті. Енді оның өнертабысы осындағы зауытта шығарылмақ.

Жуырда Петропавлдағы мына дәмхана өртенгенде, кезекті еңбек демалысында жүрген Қанат Қосылбаев өз әріптестерінің жұмысын сырттан бақылап тұрыпты. Қазіргі үй жабындыларының дені жұқа темірден жасалғандықтан, оны жұлып астындағы ағашты сөндіру үшін біршама уақыт кетеді екен. Сол кезде өнертапқышқа шатырдағы отты өшіретін арнайы құрал керек деген ой келген. Бірнеше ай бойғы еңбектің арқасында ақыры мынадай тесіктері бар үшкір түтік жасалды дейді өрт сөндіруші. Осының арқасында темір шатырды бұзып әлектенудің қажеті жоқ, қондырғының үшкір жағымен  жабындыны тесіп, саңылаудан су шашса  болғаны. Жаңа түтікті мамандар жуырда болған өртте пайдаланып көріп, нәтижесіне өздері қайран қалған.

Қасен Қосылбаев,  өрт сөндіруші:

-Шатырдағы өртті ескі тәсілмен өшіргенде, жабындының быт- шыты шыққан еді. Ал жаңа түтік қолданылған  кезде жұқа жабынды бірнеше жерден ғана тесілді. Өртті көп шығынданбай, аз уақытта сөндіріп үлгердік.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде