Шымкентте інісі туған әпкесін пышақтап өлтірді
19 жастағы жігіт мұндай әрекетін алдын ала жоспарлап жасаған екен. Әпкесімен ұрсысудан жалыққан ол, көзін құрту керек деп шешіпті.
Автор: Бек Әбиев
09.10.2014
Қаскөй 21 жастағы апасына пышақ салып қана қоймай бөлшектеп тастаған. Кейін сөмкеге салып қоқысқа лақтырыпты. Қала сыртындағы қоқыстан табылған мәйітті тану бір айға дейін мүмкін болмаған. Бір ай өткен соң ғана полицейлер көз жұмған қыздың кім екенін анықтады. 21 жастағы бойжеткен Түркияда сатушы болып жұмыс істепті. Әке-шешесіз өскен қыз тапқан табысын жалғыз бауырына жөнелтіп отырған. Тек, інісі үйдің жөндеуіне деп келіп отырған ақшаны қыдыруға жұмсап қойған екен. Әпкесі шетелден келгенде екеуінің арасында дау шығып, аяғы осылайша қайғылы аяқталды. Қазір, өз әпкесіне қол жұмсаған қандықол жігіт қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!