{metadescription}
0:000:00
Атырау облысында тұрғындар жындардан құтылу үшін садақа беріп жатыр

Атырау облысында тұрғындар жындардан құтылу үшін садақа беріп жатыр

Жын жайлаған ауыл! Атырау облысында тұрғындар мазаларын алған жындардан құтылу үшін садақа беруде. Қала іргесіндегі Дамбы ауылында өзіне қол салғандар көбейіп кеткен. Жыл басынан бері осылай 10 тұрғын өмірден озыпты. Қазірдің өзінде мұнда бірнеше адам ауырып жатқан көрінеді. Сондықтан имамдармен ақылдасқан ауыл тұрғындары бүгін мал сойып, садақа беріп, дұға оқыды.

Дамбы ауылын қазір үрей билеп тұрғындар күндіз-түні көшеге жаяу шығудан қалған. Себебі, жұрттың арасында асылып өлгендер жиілеп кетіпті.

Орынша Таңбергенова, Дамбы ауылының тұрғыны:

-Немерем, жиендерім бар үйде. Қалада оқиды, келгенше есіміз кетіп отырады. Далаға шыққанда, дәртеханаға  барғанда бастарыңа орамал тартып шығыңыдар деп отырамыз.  Үйдің ересектеуін ертіп жібереміз соңдарынан. Сондай жайлап кетті, қарағым.

Ауылда асылып өлгендердің жасы 17 мен 40 жас аралығында. Туыстарына әл бермей көтеріліп, қазір түсініксіз ауруға шалдыққандар да осы жас шамасындағылар көрінеді. Қазір мұндағы 600-ге жуық отбасының ересектері бала-келіндерінің өмірлеріне алаңдаулы.

Қабекен Дінмұқанов, Дамбы аулының тұрғыны:

-Елде ауру шығып жатыр. Асылып қалатыны бар, өзімен құтыратындар бар.  Сол  бәле-жаладан құтылу үшін халық болып жиналып, садақа беріп жатырмыз. Асылып қалған 5 адам осы ауылдың өзінен, көрші ауылдардан 3-4 адам кетті. Жаздай  7-8 адам кетті- ау деймін.

Суық хабардың жиілеп кеткенінен сескенген дамбылықтар бүгін қан шығарып құран оқыды. Оларға көршілес жатқан ауыл тұрғындары да қосылған. Осылайша, жамандықтың алдын алуға жанталасып жатыр.  Ал асқа арнайы шақырылған дін қызметкерлері бұл ауылдағы өлімнің жиілеуін былайша түсіндірді:

Эммат Ғұмаров, имам:

- Бұл негізі жынның, шайтан деп айтады ғой. Яғни ластықтан келетін нәрсе. Бұл Жайықтың ластануы, яғни кезінде бізден бұрын көптеген жындар мекен еткен жер. Сондықтан бұл жердегі жындардың барлығы өздерінің орнын таптағанды жақсы көрмейді.

- Тұрғындар бүгінгі шарадан соң ел ішіндегі суыт хабар азаятынын айтуда. Яғни адамдардың мазасын алып, үрейін қашырған жын-шайтанның беті қайтады. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз, әрине. Ал, бүгін дамбылықтардың тағы бір бөлігі өзіне қол салған жас келіншектің садақасын өткізді. Бұл ауылда осындай белгісіз дертпен ауырған тағы үш адам төсек тартып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.