{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде итке ескерткіш тұрғызылды

Ақтөбеде итке ескерткіш тұрғызылды

Ауған соғысының ардагерлері өздерімен бірге алыс жерде әскери борышын өтеген хайуанға осылай құрмет білдіріп жатыр.

Беда есімді иттіңАуғанстандағы ерлігін ардагерлер тамсана айтады. Иісшіл хайуан жасырылған минаны дәл тауып жауынгерлерді талай рет аман алып қалыпты. Күшік кезінен асыраған ақтөбелік Мейірғали Қалдығұлов алғашқыда дорбасындағы тамағын ұрлап жегені үшін, неміс овчаркісін бәле болды деп жүрген екен. Атын да сондықтан Беда деп қойыпты. Кейін бауыр басқаны соншалық, иесі жарақат алып, госпитальға түскенде екі апта бойы тамақ жемей қойған. Мұны байқаған әскери басшылар қызметтегі итті   сарбазға басыбүтін сыйлап, елге бірге қайтарыпты. Ақтөбеге келген соң итті арнайы күзет қызметі пайдаланған.

Мейірғали Қалдығұлов, ауған соғысының ардагері:

-Мынау ауған соғысында болған итке ештеңе жетпейді әрине. Қасымда екі жыл болған ит қиын кездерде. Нанасыз ба, нанбайсыз ба кейде түсіме де кіреді ғой. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.