Петропавлда жол талғамайтын көліктер жарысты
Петропавлдың көліксүйер қауымы тұңғыш рет белден келетін батпақтың ішінде жарысып көрді. Жол талғамайтын автомобильдер орман арасындағы жолсызбен жүріп өтті. Ал ұйымдастырушылар онсыз да қиын жолды түрлі кедергілерге толтырып тастапты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
13.10.2014
Соңғы күндері жауған жаңбыр мына жерді ми батпаққа айналдырған. Табиғаттың бұл мінезіне ұйымдастырушылар риза. Олар жолдың дәл осындай жағдайға түскенін бірнеше күн күттік дейді. Жарнамасы жер жармаса да, жарысқа отыз шақты көліктің келуі бәріне де тосын сый болды.
Қала сыртында ұйымдастырылған жарыс кезінде құпия саналған зауыт цехы маңында өтті. Кеңес тұсында ғимаратқа дейін тас жол да төселген екен. Есесіне өзге жол жүргізушілердің есін шығарды. Кейбірі мәреге көліктерін қолмен итеріп әрең әкелді.
Ұйымдастырушылар жарысқа қатысамын деген жандарға еш шектеу қоймаған. Әсіресе жеңіл көліктерге жарыс оңай тиген жоқ. Бірақ бұл қаны қызған ойыншыларға кедергі болмады.
Артур Могильцев, жарысқа қатысушы:
-Бұл жарыстан алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Батпақты жолда жүру оңай болған жоқ, оны жақсы дайындапты. Көлікті де аяп жатқан ешкім жоқ. Темірдің аты темір ғой, менің осында алған бір әсеріме де татымайды.
Жарысқа қатысқан жүргізушілер отбасы мүшелерін де ерте келіпті. Үсті бастары батпақтан көрінбейтін балалар әкелерінің жанында отырғанына мәз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары