{metadescription}
0:000:00
 Томас Бах қысқы олимпиадаға көп шығын кетпейді деп сендірді

Томас Бах қысқы олимпиадаға көп шығын кетпейді деп сендірді

Алматы 24-ші қысқы олимпиаданы өткізу жөнінен Бейжіңге бәсекелес бола алады. Осы демалыста елімізге келген Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах оңтүстік астанадағы спорт нысандарын аралап, оларға жоғары баға берді. 2022 жылғы олимпиаданы өткізуге үміткер ретінде екі қала ғана қалғанын бұған дейін айтқанбыз. Олар – Алматы мен Бейжің. Ал қайсысы мәртебелі доданы қабылдайтыны келер жылы Малайзияда белгілі болмақ.

Қазақ жеріне алғаш келген Томас Бахбірден спорт нысандарын аралады. Екі күн ішінде Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Медеу мұз айдыны мен «Сұңқар» трамплинін, сондай-ақ, өзге де жерлерді көріп, бағасын берді.

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті:

-Қазақстан осыған дейін ірі жарыстар ұйымдастырды. 2017 жылғы қысқы универсиаданы өткізуге дайын. Ал Азия ойындары мен универсиаданы ұйымдастыру үлкен олимпиаданы да өткізуге пайдасын тигізеді. Осындай мол тәжірибе Алматының зор мүмкіндікке ие екенін көрсетеді.

Олимпиаданы ұйымдастыру қыруар қаржыны талап ететіні түсінікті. Сол үшін де өзге үміткерлер 24-ші қысқы ойындарды қабылдаудан өз еркімен бас тартты. Ең қымбатқа түскен қысқы олимпиаданың биыл ақпан айында Сочиде өткені мәлім. Оған Ресей 51 миллиард доллар жұмсады. Ал Томас Бах Қазақстан үшін ондай шығын болмайды деп отыр.

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті:

-Себебі, Сочиде олимпиадаға дейін ештеңе болмады. Ол қала ескі жазғы демалыс орны болып келген. Қонақүй, телекоммуникация, инфрақұрылымы да болған жоқ. Олар барлығын жаңадан салды. Ал Алматының жағдайы мүлдембөлек.

Өзіміздің Ұлттық олимпиада комитетіндегілер де 2022 жылғы ойындардың алауы Алматыда жағылатынына сеніммен қарайды.

Темірхан Досмұхамедов, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті:

-Алматының кандидатурасы екі кезең бойынша бірінші орында тұр. Жеңуге мүмкіндік мол. Енді соңғы кезең қалды. Бейжіңнің де кандидатурасы мықты. Сондықтан дауыс беру уақытын күтеміз.

Халықаралық олимпиада комитетінің президентітек нысандарды аралап қана қойған жоқ. Еліміздің спорт баспасөзі қауымдастығының төрағасы Ілияс Омаров оғанәдейілеп ұлының тұсауын кестірді.

-Бұдан бөлек, Томас Бах Алматының географиялық қолайлы жағдайын да тілге тиек етті. Айтуынша, бұл да үміткерлердің бірін таңдау кезінде айтарлықтай көмек болмақ. Сонымен, 24-ші қысқы олимпиаданың Алматы мен Бейжіңнің қайсысында өтетіні келесі жылы Малайзияда анықталады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде