Мұстафа Өзтүрік: "Барлығының елі бар, менің елім қайда?"
Алматы даңқты спортшы - Мұстафа Өзтүрікті еске алды. Таэквондошыға үлкен ас беріліп, қазір жеткіншектер арасындағы үлкен турнир өтіп жатыр. Ал алдағы айда оның 10 жылдан бері жөндеу көрмеген ескі ескерткіші жаңартылады деп күтілуде. 23-ші қараша - қазақ таэквондосының негізін қалаған тұлғанның дүниеге келген күні. Көзі тірі болғанда Мұстафа Өзтүрік биыл 60-тың асқарына шығатын еді.
Автор: Құралай Пионер
13.10.2014
Ол – «таэквондо» деген өнерді алғаш қазаққа танытқан тұлға. Ол – қазақтың атын, даңқын төркүл дүниеге паш еткен спортшы. Ең бастысы, ол – елін сағынып, Атамекеніне оралған қазақтың баласы еді.
Мұстафа Өзтүрік:
-Біздер енді шетелде жүрміз. Кейде ойлайсыз, «барлығының елі бар, менің елім қайда?» деп!
Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы Түркияда туған. Бастапқыда журналист кәсібін армандаған екен. Бірақ оқу қуып, Тайваньға келген жігіттің өмірін шығыс жетпе-жегі өзгерткен.
Мұстафа Өзтүрік:
- «Тэ» деген «аяқ» деген сөз. «Он» деген жұдырық деген. «До» енді оның мағынасы өте көп. Сонда қосқанда жұдырықтың, аяқтың, рухтың, тәрбиенің жол!
Осы жеңісінің бәрін спортшы Қазақстанға арнаған. Сөйтіп, 1990-шы жылы елге де оралды. Алматыда мектеп ашты, шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде Өзтүрік бастаған жолда 11 мың спортшы бар. Тек барды кезінде қадірлемедік. 1995 жылы Мұстафа жұмбақ жағдайда бақилық болды. Бейресми ақпарға қарағанда, спортшыға у берілген. Бұған қатты ренжіген анасы ұлының сүйегін Қазақстанға жерлетпей, кері Түркияға әкеткен еді.
- Найман болған екен ғой бұл кісі. Мұстафа Өзтүрік Қабенұлы!
Арада 20 жыл өткенде ғана спортшыны қадірлей бастағандаймыз. Әйтпесе, 50 жылдығында мынадай ескерткіш тұрғызып, масқара болған. Енді Таэквондо федерациясы қателікті түзетуге әзір. Сәтін салса, 23-ші қарашада спортшының туғаны күніне орай ұсқынсыз ескерткіш алмастырылмақ. Бұған ең алдымен Мұстафаның жақындары риза.
Әбдулназы Тәйжі, Мұстафа Өзтүріктің інісі:
- Аллаға шүкір, ағамызды 60-шы жылы қарсаңында жасалынып отырған шаралар өте жақсы, маңызды. Әрі жүрекке толып жатыр. Қазір шетелде жүрген қарындастары, апайлары разы.
60 жылдықтың алды сенбі күні Мұстафа Өзтүріктің әруағына бағыштап үлкен астың берілуімен басталды. Сондай-ақ, жеткіншектер арасында таэквондодан түрлі турнирлер ұйымдастырылып жатыр. Дәл осындай шара келер аптада Астанада жалғасады. Ал 23-қарашада арда ұлдың құрметіне арналған алты Алаш елінде дүбірлі той өтпек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!