{metadescription}
0:000:00
 Людмила Ивахноның несиесін төлемеу үшін Америкаға қашқаны анықталды

Людмила Ивахноның несиесін төлемеу үшін Америкаға қашқаны анықталды

Өтірігі ашылып қалды. АҚШ-та «жәбір көрдім» деп, елден көмек сұраған алматылық келіншек жалған сөйлепті. Мұхиттың арғы жағалауына табыс іздеп кеткен Людмила Ивахно шын мәнісінде ондаған мың доллар несие алып елдегі танымал банктердің бірін сан соқтырған. Қыруар қаржымен шетел асқан келіншекті бұрынғы күйеуі де іздеп жүр. Өйткені банк қызметкерлері «ақшаны өте» деп оны мазалауда.                                     

Көз жасын көлдетіп отырған бұл келіншек – Людмила Ивахно. 32 жастағы отандасымыз АҚШ-та зорлап кетті, одан қалды қайыршыға айналдым деп сонау мұхиттың арғы жағалауынан көмек сұраған. Сөйтсек, оның өзі таза болмай шықты. 

-  Людмила менің бұрынғы әйелім. Алматыда жергілікті банктің бірінен несие алып қашып кетіп отыр.

Дмитрий бұрынғы келіншегін теледидардан көріп, алғашында өз көзіне өзі сенбеген. Өйткені оны іздемеген жері жоқ. Бірақ сағынып емес, сазайын тартқызу үшін. Людмила АҚШ-қа айтпай кетіп қалды дейді Дмитрий. Ал 5 жасар қызын «Түркияда демаламыз» деп алдап әкетіпті. Сөйтіп, келіншек Америкаға тартып отырған.

Дмитрий Ивахно, Л.Ивахноның бұрынғы күйеуі:

-Жұмыстан шаршап келгенімде, тіпті, шай қойып, тамақ та бермей жүрді. Қашан көрсең ғаламтордан бас алмай отыратын.Оның қашуға дайындалып жүргенін мен білген де жоқпын. Қызымды алып ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Зар еңіреп көмек сұраған Людмиланы қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі кері қайтаруға күш салып жатыр. Тек келіншекті келе қалған күннің өзінде алдымен сот алдында жауап беретін сыңайлы.

-Алданған жігіт енді өтірікші әйелімен қоса, қайын енесін де сотқа бермек. Өйткені, екеуі де қызын шетелге ешбір рұқсатсыз алып қашып кетіп отыр. Ол аздай, Америка асқан алматылық келіншек елдегі танымал банктердің бірінен ондаған мың доллар несие алып, сол күйі төлемейкетіпті. Сол себепті, Людмила Ивахноны елде тек ашынған күйеуі ғана емес, банк қызметкерлері де тағатсыздана тосып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.