Шымкентте бастығын өлтіру үшін киллер жалдаған азамат ұсталды
Шымкентте жеке компания қызметкері өз бастығын өлтіру үшін киллер жалдаған. Қызметте тіл табыса алмаған директордың өмірін ол 20 мың долларға бағалапты.
Автор: Бек Әбиев
13.10.2014
Үлкен компанияда бірнеше жылдан бері бірге жұмыс істеген басшы мен 47 жастағы қызметкер көптен бері араздасып жүрсе керек. Ақырында директордан құтылуды ойлаған ол жендет іздепті. Ақпарат полицияға жетіп, кісі өлтірушінің рөлін де сол тәртіп сақшалары орындаған. Басшыға өкпесі қара қазандай қызметкер де тез келісе қойып, 5 мың долларды алдын ала ұстатқан. Біреуге ор қазған қаскөй ақшаның келесі бөлігін әкеліп бергенде қолына кісен салынды.
Кенжебек Оңдасынов, ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
-Жедел уәкіл кісі өлімін жалған ұйымдастырып, оны суретке түсіріп, тапсырыс берушіге суретті апарып берген. Суретті алған соң тапсырыс беруші азамат қалған соманы яғни, 15 мың АҚШ долларын берген. Соның салдарынан, кейін ол қолға түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!