{metadescription}
0:000:00
Өміраев жасамаған қылмысы үшін сотталғысы келмейді

Өміраев жасамаған қылмысы үшін сотталғысы келмейді

Бүгін  үкім шығарылар алдында соңғы сөзін сөйлеген Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары жазықсыздан жазықсыз түрмеге қамалатын болса, үлкен өкініш білдіретінін айтты. Тіпті судьяға әсер етуді ойлады ма, сөздерін философиялық тұрғыда жеткізуге тырысты.

Мүслім Өміраев, Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары:

-Кінәсіз екеніңді біле тұра жазаға тартылып жатканнан артық азап, реніш жоқ шығар. Сондықтан менің айтқан нақты дәлелдерімді ескере отыра, судьядан әділ үкім шығаруды өтінемін.

Осылай деген Өміраев бар болғаны 4 минут сөйледі. Экс шенеунік алғаным пара емес дегенді тағы қайталады. Бұған дейін ол 100 мың доллар мен 7 миллион теңгені әкесінің жылдық асы мен банктегі несиесін жабу үшін қарызға алғанын мәлімдеген болатын. Алайда, тергеу былтыр желтоқсанда   өз пәтерінде тұтқындалған Өміраев алматылық бизнесменге аусыл дертіне қарсы препараттар саудаға түсетін  мемлекеттік тендерді ұтып беру үшін пара алғаны анық дейді. Жақында прокурор экс-шенеунікті 12 жылға түрмеге жабуды сұраған. Судья үкімді енді 16 қазанда шығармақ. Бұл күні  орынбасарының қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың да сыналар шағы тақап келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде