{metadescription}
0:000:00
Қызылорда облысында малы  ұрланып жатқан тұрғындар наразылық білдірді

Қызылорда облысында малы ұрланып жатқан тұрғындар наразылық білдірді

Үкімет барымташыларға қатысты заңды күшейтсін! Бүгін Қызылорда облысына қарасты Жалаңтөс баһадүр ауылының жұрты осындай талаппен бас көтерді. Оған, әрине, қора мен жайылымдағы мал біткеннің бәріне сұғанақтардың тыным бермей жатқаны. 2 жылдың есебі бойынша, жалаңтөстіктер 400-ге жуық төрт түліктен айырылыпты. Дені ірі қара мен жылқы. Полиция да ұрыны ұстар емес. Ұстаса да бітімгершілікпен көбін бостандыққа шығаруға әуес.

- Мал деген кетіп жатыр, кетіп жатыр! Полицияға айтсаң: «Ізіне түсіп бақпаған малға біз жауап бермейміз», - дейді.

Мұхит Жанқуат Жалаңтөс баһадүр аулының байырғы тұрғыны. Ауылдастары тәрізді ол да тіршілігін малмен айырады. Бірақ сол төрт түлік  көбеюдің орнына жылдан жылға кеміп барады. Қорадан бір, жайылымнан екі барымташының уысында қарияның оннан астам малы қолды болған. 

Мұхит Жанқуат, Жалаңтөс баһадүр ауылының тұрғыны:

-Мына органның адамдары, беттеріңе келсе де айтайын. Бір мал тапқан жоқ. Айтыңдаршы халықтар қайсысыңның малын тауып берді?

Жалпы Жалаңтөс ауылында небәрі 250-ге жуық түтін бар. Бірақ сол үйдің бірде бірі ұрыдан зардап шекпей қалмаған. Жоқ дегенді 2-ден малы кеткен. Қайры жоқ болса да полицияға шағым беріп жатқаны да көп.

Бейбіт Жанхан, Жалаңтөс баһадүр ауылының тұрғыны:

- Менің былтыр 4 сиырым жоқ болып еді. Биыл 2 сиырым тағы жоқ болды. Тағы 22 бас жылқы кетті. Бір айдай болып қалды. Іздеп, іздеп таппадым. Заң орнына бергенмін. Одан ешқандай нәтиже болмай тұр.

Сондықтан жұрт полициядан да күдіктеніп қалған. Оған ұсталған ұрының бірер күннен соң-ақ бостандыққа шығатыны тағы себеп. Бірақ пагон таққандар малдың қолды болуына халықтың өзін жазғырды.

Бақтұрған Теміров, учаскелік инспектор:

- Енді жылқы малы бұл жерде далалық. Өз бетінше жайылып жеретіндіктен өріс аударып кетуі де мүмкін.

Бірақ жұрт: «Құр іздегеннен не пайда, егер ұсталған ұры бәрібір кері бостандыққа шығар болса», - деп ашулы. Сондықтан Үкіметтік деңгейде бұл қылмысқа тоқтам қоюды сұрайды. 

Мұхит Жанқуат, Жалаңтөс баһадүр ауылының тұрғыны:

- Бір ұры ұсталса,оған малын атуып берсе, оны босатып жібереді. Ол ұрылар ананың малын алып, маған әкеледі. Менікін алып, саған береді. Бұған жоғары, Үкімет жақтан заң шықпаса, болды, халық кетіп болды.

Халықтың 2 жыл есебінше, Жалаңтөстің өзінен 400 жүзден астам мал басы сұғанақтар қолында кетіпті. Соның 80 пайызы ірі қара.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде