Киевте шерушілер сатқындық жасаған коммунистерді елден қууды талап етті
Украинада тағы толқу! Енді ғана қалыпты өмірге келе бастаған Киевте бүгін тағы 4 мыңнан астам адам Майданға жиналды. Әскери киім киіп алған ел, парламент құрамына коммунистерде өткізбеуді талап етуде. Елдегі төңкерістен соң тарқаған Украина парламентінің сайлауы 26 қазанда өтпек.
Автор: Нартай Аралбайұлы
14.10.2014
Қолдарына ұрандатқан жазбаларды алған мыңдаған адам таң атпастан Жоғарғы Раданың ғимаратына бет алды. Барлығы да коммунистерді алдағы сайлауда парламент құрамына өткізбеуді талап етуде. Айтуларынша, биыл елде болған төңкерісте коммунистер Украинаның дербестігіне күмән келтіріп сатқындық жасапты. Парламент ғимаратына кіруге ұмтылған ел тәртіп сақшыларымен қақтығысып та қалған. Шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданылуда. Қақтығыс басталған кезде Украина президенті Петр Порошенко дәл осы ғимаратта елдің жаңа Қорғаныс министрі Степан Полторакты таныстырып жатқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары