{metadescription}
0:000:00
Қостанайда автобус жүргізушісі жолаушыны соққыға жықты

Қостанайда автобус жүргізушісі жолаушыны соққыға жықты

Қостанайда қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыны тепкілеп, артынан тіпті аяғын автобуспен мыжып кеткен. Салдарына бір күн бойы жан сақтау бөлімінде жатқан жолаушы бүгін есін жинады. 

Алексей Мащенко, жәбірленуші:

-Автобусқа отырмас бұрын мен біраз ішімдік ішкен болатынмын. Сосын жүргізушіге біреу айқайлап дөрекі сөйледі. Ол мен екен деп қалды ғой деймін. Есімде онша қалмапты. Артынан аялдамаға сүйреп апарды да, тепкінің астына алды.

Артынан анық болғандай, қоғамдық көліктің жүргізушісі, ішімдікке сылқия тойған жолаушыны отырғызбай қойыпты. Бірақ қасарсыған жолаушы автобусқа кіріп алып, елдің мазасын алған көрінеді. Ал, қызу қанды жүргізуші мас азаматты көліктен шығарып сабап, аяғын мыжып кеткен. Салдарынан аяғы морт сынып, дене жарақатын алған жолаушы жансақтау бөліміне бір-ақ түсті. Онда бір күн бойы жатып, бүгін есін жиған. Ал, автобус жүргізушісі жұмыстан қуылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде