Ақтауда ауруханада жатқан балалар жаппай уланып қалды
Ақтауда науқас балалар уланып қалды. Инфекциялық ауруханада ем алып жатқан олар сырлау жұмыстары кезінде шыққан бояудың иісіне тұншыққан.
Автор: Досжан Маратұлы
14.10.2014
Сәния Есқазиева, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Балам жақсы жағдайда еді.Келінім хабарласты. «Аурухананың іші бояу сасып кетті»-деп. Енді бүгін таңертең «баланың алды-артынан кетіп жатыр» деді. Ішкен жегенін бәрін құсып жатырекен.
Ауруханада жатқан бүлдіршіндер мен олардың аналары бояудың жағымсыз иісіне бүгін түнде уланып қалды. Сол кезде басы ауырып, өздерін нашар сезінген науқастар тысқа шықпақ болған. Алайда дәрігерлер бөлмелерінен шығармай қойыпты. Енді өздері ауырып жатқан бүлдіршіндердің халі тым нашарлап кеткен. Сасық иіске шыдамаған науқастар ақыр аяғында тәртіп сақшыларын шақыртқан. Ал емдеу орнының басшылығы болған жайтқа құрылысшыларды кінәлап отыр. Айтуларынша, олар қабырғаны сырлайтын кезде ешкімді алдын-ала ескертпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!