Қазақ ғалымдары әлем тарихын қайта жызып шықпақ
Мұндай батыл қадамға себеп, Әл Фарабидің бұрын белгісіз боп келген еңбектері мен Еділ қаған туралы тың деректер. Қазақ тарихшылары Марокко, Италия, Испания және Ватиканның кітапханаларында болып дәл осы құнды тарихи ақпарларды тауып әкелген.
Автор: Нартай Аралбайұлы
15.10.2014
Басты құндылық ретінде қаралатыны, Әл Фарабидің сиыр терісіне жазылған он трактаты. Еңбектер Испанияның Эскуриал кітапханасында сақталған екен. Бұған дейін ғұламаның тек 10 трактаты біздің тілге аударылып берілген. Енді ежелгі еңбектер саны екі есеге ұлғайып отыр. Одан бөлек, Ватиканның кітапханаларында ғұндардың көсемі Еділ қаған туралы тың деректер табылған. Соның бастысы қайысқа салынған сурет. Онда Еділ қағанның қазіргі әлем танығандай басқыншы емес Римді қираудан сақтап қалған батыр екені суреттеліпті. Кәрі құрлықтың мұрағаттарын шарлап, тың дерек іздеген ғалымдардың басы қасында Әбсаттар қажы Дербісәлі жүр екен. Бас мүфтиліктен түскен соң оның ғылыммен айналысқанын айта кетейік.
Әбсаттар Дербісәлі, Шығыстану институтының директоры:
-Орта ғасырлық мұсылман елдерінің ғалымдары Әл Фарабидің 100-ден астам трактат жазғанын айтады. Ибн Саид әл Қифти деген кісі 105 трактатын айтса, Усаибиға деген кісі і 110-ға жуық трактаттарының атын атайды. Біздің елімізде шыққаны қанша? 10-нан сәл асатын трактаттары белгілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!