Астанада қос аққу жылы жаққа ұша алмай жүр
Астанада үйірінен адасқан қос аққу ұша алмай жүр. Басқалары тамыздың аяғында жылы жаққа кетіп үлгерсе, бұл екеуі шалшық суды сағалауға мәжбүр.
Автор: Ербол Сейілхан
15.10.2014
Есілдің сол жағалауындағы шалшық суда қос аққудың жүргеніне бір айдан асқан. Үркитіні соншалық, маңайына ешкімді жуытпайды. Дабыл қаққан тұрғындардың айтуынша, құстар жаралы секілді. Су астындағы шөп-шаланнан басқа, азық таба алмағаннан қалжырай да бастаған. Халқымыз киелі санайтын құс төресінің өміріне алаңдағандар, Астанадағы ветеринарлық клиникалар мен орнитологтарға хабарласқан. Алайда ешбірі көмекке келмепті. Қызыл кітапқа енген қасиетті құстарға дер кезінде көмек көрсетілмесе, қара суықта үсіп өлуі мүмкін.
Светлана Пилюк, орнитолог:
-Егер жаралы болса ұшып кетуі екіталай. Мүмкін қамыс арасында балапаны бар шығар. Соны ұшып үйретпейінше кете алмай отыруы мүмкін. Құстарды тамақтандыра беру керек. Қарны тоқ болса, қыстан аман шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!