{metadescription}
0:000:00
Семейде көршілер арасындағы айғай сотқа жетті

Семейде көршілер арасындағы айғай сотқа жетті

Семейде пәтері тұруға жарамсыз болып қалған әйел көршісімен дауласып жүр. Жоғарыда орналасқан баспанадан су сорғалап, төбесі опырылып түскен Махаббат Әшімова енді сотқа жүгінбек.

Махаббат Әшімова, Семей қаласының тұрғыны:

-Алғашында ұлыма бірдеңе болды ма деп қорықтым. Әйтеуір ештеңе болмапты. Ал көрші болса, кешірім де сұрамайды. Сотта істеймін деп барлығын қорқытып қойған.

Бұл әуесқой түсірілімде Махаббат Әшімованың пәтерін су басып жатқаны көрініп тұр. Төбесі опырылып түсіп, су көлкілдеп ағып жатыр. Жақында ғана жөндеген жұмысы текке кетіп, енді шығынды қайтарып алу үшін дауласып жүр. Ал өзін сотта істеймін деп таныстырып жүрген көршісі ешкімді қорқытқан жоқпын, кінәлі емеспін деп ағынан жарылды. Барлығына жылу беруші мекемені айыптауда. Сотқа құжаттарын әзірлеп жатқанын да жеткізді. Көп ұзамай, басы дауға қалған көршіні ата-анасы келіп қорғаштап бақты.

Анар Рамазанова, Семей қаласының тұрғыны:

-Менің қызым кінәлі деп санамаймын. Жылу беруші мекеме құбырға қысымды шамадан тыс асырып берген. Соған шыдас бермеген кран жарылып, су атқылады. Менің қызымның пәтері де зардап шекті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде