{metadescription}
Оралда оқушылар мәдениет сарайында білім алуға мәжбүр
Оралда оқушылар мәдениет сарайында білім алуға мәжбүр

Оралда оқушылар мәдениет сарайында білім алуға мәжбүр

Оралда оқу жылының ортасында екі мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Ал оқушыларды жақын маңдағы білім ұялары мен мәдениет үйіне бөлген. Мұндағы қолайсыздықтарға ата-аналар ғана емес, білім бөліміндегілер алаңдаулы. Аппатты жағдайдағы ғимаратты жөндеуге бюджеттен қаржы кеш бөлінген.

Мичурин ауылындағы мектеп оқушылары уақытша Оралға қатынап оқуға мәжбүр. Оқу ғимаратының орнында қаңырап қабырғалар қалған. Енді оқушыларды тасымалдайтын автобустар тек кесте бойынша жүреді.

Валерия Костромина, мектеп оқушысы :

–    Біз сағат бірлер шамасында келеміз. Көлік келіп, бірінші ауысымның балаларын түсіреді. Екінші ауысым жиналып, сағат бір жарымда әрең жүреміз.

Бұл мектептің іргетасы 40 жыл бұрын қаланған. Содан бері бірде бір күрделі жөндеуден өтпеген. Шатырдан су сорғалап, қабырға жарықтарынан жел ұрған. Мектепті жөндеуге жергілікті бюджетте қаржы болмапты. Жаздың аяғында мәселе қаралып, ақшаның бөлінгені осы екен. Енді қаражатты биылдан қалдырмай игеру керек. Бірақ ауырталық оқушыларға түсіп тұр.

Светлана Темірғалиева, БҚО Білім басқармасының бөлім бастығы :

– Келісім-шарт бойынша Оралдағы №12 орта мектептің жөндеу жұмыстары қарашаның аяғы, желтоқсанның басында бітуі тиіс. Ал Мичурин мектебі желтоқсанның аяғы, қаңтардың басында өткізілуі керек.

Қазір мүнда шатыр ауыстырылып, ауласы абаттандырылуда. Алайды жұмыстың жартысы ғана біткен. Балалардың жаңа жылға дейін өз мектептеріне оралуы қиын. Шенеуніктер қақаған суықта жөндеу жүргізуді ата-аналардың өзі талап етті деп отыр. Тар кабинеттерде оқушылар қысылып отырып білі алуға мәжбүр. Ал, ата-аналар аз шыдасақ, өз мектебімізге ораламыз деген үмітте.

Татьяна Бекенова, Мичурин ауылының тұрғыны :

–  Бұл уақытша қиындық. Аз уақыт шыдасақ болды. Уәделерінде тұрып, үш ай ішінде мектепті бітіріп берсе екен.

Алдағы уақытта басқада оралдық оқушылар мәдениет үйі сияқты басқа да мекеменің ғимаратында оқуға мәжбүр. Өйткені, Астана көктемі тәрізді Оралға да қаржы кеш келді. Жақында бюджеттен тағы бір мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 150 миллион теңге бөлінген. Ақшаны биылдан қалдырмайц игеруге жанталасқан шенеуніктер оқушылардың жағдайын ойлайға мұршасы келмейтін тәрізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде