Алматыда есту қабілеті нашар балаға ота жасалды
Жеті жасар Егордың екі құлағы туғаннан естімейді. Сондықтан сөйлеу мүмкіндігінен де айырылған.
Автор: Елгүл Нұғман
16.10.2014
Отандық мамандар бүгін франциялық әріптестерімен бірігіп, бүгін сол науқас балаға ота жасап, құлағына ең озық деген имплантант қойды. Бұл құрал Егордың ағзасына бейімделген соң бір айдан кейін іске қосылады. Мамандардың айтуынша, мұндай ота жасалған бала 4 айдың ішінде толығымен естіп, 2-3 жылда таза сөйлеп кетеді екен. Франциялық компания бұл құрылғыны Егорға тегін орнатты. Бұдан былай операцияның осы түрі басқа науқас балаларға да квота бойынша ақысыз жасалмақшы.
Жан Пьер Бибиар, профессор: (Франция)
– Кохлеарлы имплантацияның бұл түрі Францияда 25 жылдан бері қолданылып келеді. Ол есту қабілеті төмен науқастарды бейімдеуге арналған электрондық құрал. Оның ерекшелігі – бас сүйек ұлпаларына еш зақым келтірмей орналастырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!