{metadescription}
0:000:00
Қызылорда облысында  мияның тамырын іздегендер жайылымды қопарып тастады

Қызылорда облысында мияның тамырын іздегендер жайылымды қопарып тастады

Қызылорда облысында жұрт төрт түлігіне қысқы азық дайындай алмай әлек. Өйткені Жаңақорған ауданындағы жайылымдарды әлдебіреулер астан-кестенін шығарып, аударып кетіп жатыр екен. Көздегендері дәрі жасауға пайдаланылатын мияның тамыры. Заңсыздықты көзбен көрген тұрғындары қанша шағымданса да тәртіп сақшылары қимылсыз көрінеді. Сол себепті шаруалар өз күштерімен басқыншылардың техникаларын тартып алған. Алайда полицейлер қаскөйлерді босатып жібергені аздай даланы құртқан техниканы да қайтарып бермек екен.

Мидай даладағы мияның жыры жанжалға ұласты. Тіптен төрт түлікке күні қарап отырған Бесарықтың тұрғындары қыста жұтқа ұрынамыз деп жүрексінуде. Өйткені Жаңақорған ауданындағы ең құнарлы өлке бірнеше айдан бері адам аярлықтай күйде. Дәрілік шөп мияның тамырын іздегендер қара жерді қопарып тастаған. Салдарынан 500-ден астам тамы бар тұтас Бесарық ауылы жайылымнан қағылып отыр. Қызыл топыраққа ұрынған малда күйін жоғалтқан. Жұрт тәртіп сақшыларына талай барыпты. Алайда еш нәтиже шықпағасын, даладан заңсыз мия жинап жатқандардың техникаларын өздері тартып алған.

Нышанбек Молдашев, Шаруа қожалығының төрағасы:

-Мен сонда тоналып қала берем бе? Полиция жоғарғы жақпен сөйлесіңіз дейді. Бүгін малымның ішіп жемін тонағандар ертең қораға түсетін шығар. Бүгін даланы күзетсем ертең қораның ішінде жататын шығармын. Жасым 50-ге келгенде.

Елдің еңіреп етегі жасқа толатында жөні бар, өйткені олар өзгенің жайылымын даулап жүргені жоқ. Жалға алған жерді, тіптен мемлекеттен арнайы бағдарлама арқылы қыруар қаржы алып асыл тұқымды мал да сатып алған. Алайда мияның тамырына құныққандар қарашаны сан соқтырып кетіп отыр. Заңсыздықты көзбен көрген  тәртіп сақшылары бұл іске қатысты тіптен іс қозғауды артық көруде. Қашанғыдай тынбас тірліктей бір біріне сілтеп әлек.

Ғани Тұрсекеев Жаңақорған аудандық ІІБ бастығы:

-Егер біз қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан жағдайда немесе азаматтардың іс әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері болса,  біз облыстық орман және мал шауарлығы инспекциясына жолдайтын боламыз. Әрі қарай істі сотқа жолдау жолдамау мәселесін сол инспекция шешеді.

Ел техниканы тоқтатып тәртіп сақшыларын шақырғанда оларда құжатта болмапты. Алайда қолы ашық полицейлер заңсыз қара жерді қопарып Бесарықтың ақеділ ағайынды қан қақсатқандарды үйді үйіне таратып жіберген. Тұралаған техниканың құжатын жеткізсін деп. Әкелсе көк темірлерді қайтарып бермек. Ал мия тереміз дегендердің кесірінен жайылымсыз қалған ел әрі қарай өлместің күйін кешпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде