Құрманғазыны қорлағандар әділдікті БҰҰ-нан іздемек
Бабамызды қорлағандардың басы араша етілмейді. Бүгін күй атасы Құрманғазы мен орыс ақыны Пушкинді сүйістіріп сурет салған жарнама компаниясына берілген жаза өзгеріссіз қалдырылды. Қыркүйекте сот оларға 170 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салған болатын.
Автор: Нартай Аралбайұлы
16.10.2014
Сол кезде суретті салғандар берілген жазамен толық келісеміз, ешқандай апеляция бермейміз деп кеткен еді. Алайда араға апта салып Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіргеніміз тек сурет қана деп, сотқа қайта келген. Тек ұлттың ұлыларын қорлап, әжуа қылғандар бұл жолы да заңды жазасынан құтыла алмады. Шешім өзгеріссіз қалдырылды, яғни жарнама компаниясы 180 мың, ал оның басшысы130 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Гейлер мен лесбилерге болысып жүргендер енді БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне арызданбақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!