{metadescription}
0:000:00
Алматыда  үш баласымен жоғалып кеткен келіншектің  хаты табылды

Алматыда үш баласымен жоғалып кеткен келіншектің хаты табылды

Алматыда Гүлжан Тоқтағұлова есімді келіншек үш баласымен бірге із түссіз жоғалып кетті. Оның күйеуі отбасын соңғы рет қыркүйектің аяғында көріпті. Сол кезде ол жұмысқа кеткен. Ал кешкісін үйге қайтып келгенде, онда әйелі мен балалары жоқ болып шыққан. Содан бері тура 3 апта өтті. Бірақ жақындарынан әзірге ешқандай хабар жоқ.

«Кешір, Беке. Мен кеттім. Кілт қара сөмкенің ішінде жатыр». Бұл – үш баламен бірге із-түссіз жоғалып кеткен Гүлжан Тоқтағұлованың үйден кетер алдында жазған хаты. Үш баласын керек-жарағымен қоса қыркүйектің 25-і күні өзімен бірге ала кетіпті. Содан бері 20 күннен аса да, әлі ешқандай хабар жоқ.

Бекзат Қойлыбаев, Г. Тоқтағұлованың күйеуі:

- Балалардың киімі жоқ. Бәрін жинап алып кетіп қалыпты.Білмеймін қайда кеткенін. Отбасымызда ұрыс-керіс ештеңе болған жоқ. Бәрі жақсы болды.

Гүлжан Тоқтағұлованың негізінен психологиялық ауытқуы да бар екен. Бұған дейін ол «апайымды іздеймін» деген сылтаумен үйден кетіп қалып, біраз уақыттан кейін қайтып келіпті.Бірақ бұл жолы Бекзат Қойлыбаев әйелі мен балалары үшін ерекше алаңдап жүр. Себебі көршілері Гүлжанның үш баласымен бірге қара «Джипке» отырып жатқанын көріпті. Ал отағасы ондай қымбат автокөлігі бар ешқайдай танысымыз жоқ дейді.

Бекзат Қойлыбаев, Г. Тоқтағұлованың күйеуі:

- Танымайтын біреу алып кетті ма екен. Бір діни ағымға кіріп кетуі мүмкін. Мешіттің маңында көп жүретін. Сондай  күдігім бар.

Гүлжан Тоқтағұлованың 5 және 7 жастағы қыздарының есімдері – Айжан мен Балжан. Сондай-ақ,10 айлық емізулі Нұрислам деген ұлы бар. Қазір оларды іздеуге полиция жұмылдырылған. Ал егер сіз бұл азаматтар жайында қандай да бір ақпарат білсеңіз, біздің редакциямызға хабарласыңыз. Себебі, оларды ардақты әке сүйікті күйеу сағына күтіп отыр.

-Жоғалмай тұрып бәріміз Медеуге шыққанбыз. Отбасымызбен қыдырып. Мынау сол суреттер. Телефонда қалыпты. Фото қылып шығарғанмын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде