Бауыржан Әбдішевке жаңа айып тағылды
Ал қамауда отырған Қарағанды облысының экс-әкіміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы Бауыржан Әбдішевке ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Яғни, ол мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып беру үшін жергілікті кәсіпкерден 12 миллион теңге алған.
Автор: Ербол Сейілхан
16.10.2014
Бұл айыпты тергеушілер Теміртаудағы металл өнімдерін шығаратын компания басшысының сөзіне сүйеніп тағып отыр. Кәсіпкер әйел алғашында қамауға алынған. Кейін жауап алу кезінде, Әбдішевке ірі көлемде пара бергенін мойындаған соң бостандыққа жіберіліпті. Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу материалдарына сүйенсек, Бауыржан Әбдішев, кесек тас шығаратын зауыттың мүддесін қорғаған. Кейін сол кесек 3 жыл бойы Қарағандының жолдарына жаппай төселген екен. Бюджеттің барлық тапсырысын алып отырған экс-әкімге тиесілі зауыт, құжат жүзінде бөгде адамдардың атына жазылған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!