Маңғыстау облысында жұмысшылар жойқын жарылыстан аман қалды
Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай кенішінде жарылыс болып, үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оларды Ақтауға тікұшақпен апаруға тура келген.
Автор: Жолымбет Мәкішев
16.10.2014
Болжамға қарағанда, оқыс оқиғаға ұңғыманың біреуіндегі дәнекерлеу жұмыстары себеп болыпты. Ұшқыннан газ жарылып ол кейін өртке ұласқан. Осы кезде ұңғымада жұмыс істеп жатқан үш адамның барлығын қатты күйік шалған. Дәрігерлер ауыр жағдайда келіп түскен жұмысшылардың қазір беті бері қарағанын айтады. Екеуі палатаға ауыстырылып, біреуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр екен. Қазір мұндағылар Астанадағы дәрігерлердің келуін күтіп отыр.
Жансерік Шауқамбердиев, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Жарақаттары енді ауыр болғанымен тұрақты, өміріне қауіп жоқ, керекті дәрісі мен ем-шараларын алып жатыр. Ауруханада дәрі-дәрмектері бар. Қамтамасыз етілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары