Отандық дизайнерлер әдемі киінудің жолдарын үйретті
Отандық дизайнерлер ұсынады! Алматыда кезекті мәрте әдемі киінуге жаны құмар жандар асыға күтетін «Қазақстан сән апталығы» басталды. Тігіншілердің бұл жолғы топтамасы 2015-тің көктемі мен жаз мезгіліне арналып отыр. Әдеттегідей биыл да Париж, Милан, Нью-Йорк сынды ірі подиумдардан тікелей елге жеткен өнімдер көп. Жас дебютанттардың да тіккені мен тоқығаны бар.
Автор: Құралай Пионер
17.10.2014
Бұл - кезекті Алматыда басталған фэшн шара. Шетінен «сенікінен менікі әдемірек» дейтін сәнқойлар тоғысқан. Әрине, арасында өзгеге көз жүгіртіп, өзін де көрсетуді мақсат тұта келгендері көп. Эпатажға да ерік бергендері бар.
Арман Аутбаев, дизайнер:
- Бұл халат, бешпет. Жібектен жасалған. Өзім тіктім. Менің тек өзіме ғана киім тігетін дизейнермін. Ал аяғымдағы туфлиім эксклюзивті өнім. Парижден арнайы осы кеш үшін алдырдым.
Тіпті бөріктілер мен көріктілер ортасына барын киіп, кешке ерекше сәнмен жеткен егде жастағылары да кездесті. Соның бірі 59 жастағы Раиса Құрбанбекқызы. Зейнеткер өзін қатты жақсы көретіндердің санатынан екен. Сондықтан сәнді болып жүруді – әйел затына міндет деп есептейді.
Раиса Құрбанқызы, Алматы қаласының тұрғыны:
- Мен өзімді жақсы көремін. Әйел адам, қыз бала әрдайым гүл сияқты. Жалпы әйел адам өте сұлу ғой. Сол қыздардың барлығына айтар едім, сұлулықты сақтасын деп!
Ал бұл «шоу-румдағы» қызу сауда. Мұнда былтырғы подиумға шыққан киімдерді қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік жасалған. Бірақ дизейнерлік дүниені тым арзан деп айтуға бола қоймас.
- Бұл 18 мың теңге тұрады.
Сән шымылдығын ашу құрметі биыл дизайнер Айнұр Тұрысбекке бұйырыпты. Каскалы модельдер өңшең былғарыдан киінген. Көптің көңілін жас тігінші Камила Құрбани де аудартқандай. Сәнгер топтамасын бастан-аяқ Алатау бөктеріндегі әсем қала - Алматыға арнаған.
Сонымен отандық сәнгерлер алдағы көктем мен жазға ешбір шектеу қоймайды. Серілердің де, бойжеткендердің де не кием десе өз еркі. Әсіресе, түс жағында талғам жоқ. Фэнш мереке әлі 4 күнге жалғасады. Оның соңғы екеуі Астанада өтеді деп күтілуде. Биылдан бастап бағдарламаға осындай толықтыру еңгізілген. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар 2014 жылғы көрсетіліммен әйелдер арасындағы кеуде ісігіне қарсы үндеуді қолдауды мақсат тұтыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!