Ақтөбеде сатанистердің жасырын орны анықталды
Ақтөбеде сектанттардың діни жоралғыларын өткізетін орын табылды. Бес жасар Темірланды іздеуге шыққан еріктілер соған тап болып, жағаларын ұстап отыр. Шағын алаңқайдың айналасындағы ағаштарға сары орамал тағып оны қанмен бояп қойған. Қоңыраулар іліпті. Ал ортаға малдың сүйектерін үйіп тастаған. Бас сүйектерге қанмен крестің суретін де салыпты. Соған қарағанда бұл жерде құрбан шалынған деп топшылайды еріктілер. Олар бұл рәсімді сатанисттердің қылықтарына ұқсатуда. Із кесушілер істің мән-жайын тексеру үшін тәртіп сақшыларына хабар берді.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.10.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!