Семейде шенеуніктер тұрғын үйлер қысқа дайын деп жалған есеп берген
Семейде жылуға қатысты тағы дау. Орталықтағы көп қабатты үйлердің тұрғындары құбырларды енді ғана тарта бастаған коммуналшыларға ашулы. Айтуларынша, жаз бойы тырп етпеген олар дәл қыс жақындағанда жұмысқа кіріскен. Оның өзінде асығатын түрлері жоқ. Былтыр қыста жарытып жылу алмадық деген жұрт, енді биыл мүлде тоңамыз ба деген үрейде отыр.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
17.10.2014
Семейдің орталығындағы көп қабатты үйлердің тұрғындары жылу маусымы басталғалы тыныштық табар емес. Қаланың басым бөлігіне жылу берілген. Ал бұл жаққа әлі жетпей жатыр. Оның үстіне жер астымен өткен құбырларды енді қопарып, ауламен жүргізе бастаған. Бұған дейін әкімдік шачардағы барлық жылу нысандары дайын деген. Мұны естіген жұрт шенділердің неліктен өтірік айтқанын түсінбей дал.
- Хосчанов бәрі жөнделді деп есеп берген. Ол өтірік.
Тұрғындар қазір жылытқыш құрылғыларды қосып жан бағуда. Ал қара суық келгенде ғана басталған құбыр тарту жұмыстары әлі де аяқталмады. Жұмысшылар болса асығар емес.
Елена Шеффер, пәтер иелері кооперативінің есепшісі:
-Бір күн қазып кетеді, екі жұма бойы із түссіз жоғалып кетеді. Неге тездетпейсіңдер десек, жалақымды алған жоқпын, не үшін істеймін деп жауап береді.
Жергілікті әкімдіктің өкілдері елді сабырға шақыруда. Құбырға қысым бергенде ол жарылып кеткен көрінеді. Енді оны алмастыру үшін уақыт керек екен.
Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Құбырда ақау табылып, жылу беруді тоқтатуға тура келді. Оны ауыстыру туралы өтініш бұған дейін берілген. Алайда бюджеттен қаржы қарастырылмай, оны жылу беруші мекеме өз ақшасына жөндеуде.
-Жөндеу жұмыстары екі күннен кейін аяқталуы тиіс екен. Сол уақытта жылу бірден беріледі деп сендірді коммуналшылар. Дегенмен, жұрт оған күмән келтіруде. Себебі, екі ай бойы істеліп бітпеген жұмыс, екі күнде тәмамдалуы мүмкін емес дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары