Атырау облысының әкімі бағыныштыларының былығы үшін жауап бергісі келмейді
Ал орынбасарының былығы үшін отставкаға кетуге бекінген Мамытбековтың әріптестері оның батылдығын қайталағысы келмейді! Бүгін Атырау облысының әкімі қарамағындағылардың жемқорлығына бола жұмыстан кетпейтінін мәлімдеді.
Автор: Гүлнұр Имандосова
17.10.2014
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:
-Мен әр қызметкерім үшін 100 пайызға кепілдік бере алмаймын. Жемқорлыққа қасақана барса, жауапкершілікке тартылады, мен ол үшін отставкаға кетуге өтініш бермеймін, ашығын айтайын. Әркімнің өзі жауап беруі керек. Мен мұны орынбасарларымнан бастап, әр қызметкеріме айтқып жүрем.
Астанаға есеп беруге келген Бақтықожа Ізмұхамбетовке, Бергей Рысқалиев мен Бауыржан Әбдішевтың тағдырын қайталаймын деп қорықпайсыз ба деген сұрақ қойылған. Бұл сауалға да Ізмұхамбетов әркім өз қателігіне жауапты деді. Қыркүйекте қазақ-ресей шекаралас аймақтарының форумын өткізіп бедел жинаған әкім оған қанша шығын кеткенін де айтты. Қос президенттің қатысуымен өткен жиынды өткізуге, бұған дейін айтылып жүргендей 10 миллиард емес, 70 миллион теңге жұмсалған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!