Қатерлі эболаға қарсы ем Еуропадан табылды
Бірақ әзірге ғалымдар вирусқа ненің шипа болғанын құпияда ұстауда. Нәтижесінде Испанияда безгекке қарсы ем алған науқастың бірінің беті бері қараған.
Автор: Құралай Пионер
20.10.2014
Ол 44 жастағы испаниялық мейірбике - Тереза Ромеро. Келіншек безгекті Мадрид ауруханасында қарауында болған екі науқастан жұқтырыпты. Десе де ғалымдар Терезаны әлі де біраз уақытқа бақылауларында ұстамақ. Себебі келіншек ағзасына қайта тексеру жүргізілуі тиіс. Соңғы қорытынды Тереза Ромероның дерттен толық айыққанын көрсетіп отыр. Әзірген эболаға қарсы қандай емнің қолданылғаны айтылмауда. Испания ауруханасында әлі осы дертті жұқтырған 15 науқас жатыр. Айта кетсек, Африка құрылығынан дендеген эбола бүгінде 5 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!